Бүгін емханада фтизиатор дарігер Нуралина Г.Ж медициналық қызметкерлерге Туберкулездің алдын-алу және туберкулезді тоқтату бойынша серіктестік туралы семинар -лекция өкізді. Семинар -лекция барысында медициналық қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді және ақпараттық оқу материалдары таратылды.
Бүгін емханада Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері емхана қызметкерлеріне семинар-лекция өткізді. Лекция барысында алаяқтармен қалай күресу керек екенін және сақтық шараларын түсіндірді. Жәнеде емхана қызметкерлерінің қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық оқу материалдарын таратты.
Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы, бауырдың зақымдануымен сипатталады, бірақ бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғуы мүмкін. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы ықтимал. В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді. D гепатиті – жеке жұқпайды, ол тек В гепатитімен бірге дамиды.
Аталған барлық вирустар гепатитті тудырады. В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозына немесе бастапқы бауыр обырына әкеп соғуы мүмкін..
Бүгін № 58 мектепте Адам папилломасының вирусы жайлы және жарақаттанудың алдын- алу , қауіпсіздік шаралары жөнінде дарігер Ногаева Р.А семинар -лекция өкізді. Семинар -лекция барысында ата -аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді және ақпараттық оқу материалдары таратылды.