Информация

№5 қалалық емхана Астана қаласының тұрғындарына амбулаторлық-емханалық медициналық көмек көрсетеді. Емханада жоғары білікті жалпы практика дәрігерлері мен белгілі бір саланың мамандары қабылдау жүргізеді. Емделушілердің әр түрлі диагностикалық зерттеулерден өтуге мүмкіндіктері бар.

 

Астана қаласы әкімдігінің
ШЖҚ "№5 қалалық емхана" МКК

Call-орталық:

+7 (7172) 576-320,
+7 (7172) 576-362

Сенім телефоны:

+7 (7172) 289-170

Бүгін емханада фтизиатор дарігер Нуралина Г.Ж медициналық қызметкерлерге Туберкулездің алдын-алу және туберкулезді тоқтату бойынша серіктестік туралы семинар -лекция өкізді. Семинар -лекция барысында медициналық қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді және ақпараттық оқу материалдары таратылды.

Бүгін емханада Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері емхана қызметкерлеріне семинар-лекция өткізді. Лекция барысында алаяқтармен қалай күресу керек екенін және сақтық шараларын түсіндірді. Жәнеде емхана қызметкерлерінің қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық оқу материалдарын таратты.

Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы, бауырдың зақымдануымен сипатталады, бірақ бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.
А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғуы мүмкін. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы ықтимал. В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді. D гепатиті – жеке жұқпайды, ол тек В гепатитімен бірге дамиды.
Аталған барлық вирустар гепатитті тудырады. В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозына немесе бастапқы бауыр обырына әкеп соғуы мүмкін..

Бүгін № 58 мектепте Адам папилломасының вирусы жайлы және жарақаттанудың алдын- алу , қауіпсіздік шаралары жөнінде дарігер Ногаева Р.А семинар -лекция өкізді. Семинар -лекция барысында ата -аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді және ақпараттық оқу материалдары таратылды.

 

 

 

Бүгін № 61 мектепте  Адам папилломасының вирусы жайлы  дарігер  Ногаева Р.А семинар -лекция өкізді. Семинар -лекция  барысында ата -аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап бірді және ақпараттық оқу материалдары таратылды.

   

 

Тәжірибеде дәрігерлерге алдын ала жазылуды, диспансерлік пациенттерді мамандарға өздігінен жазу мүмкіндігін көріп шықты. Өз бетінше қабылдауды жүргізетін медбикелердің функционалдылығымен танысты. Медбикенің қабылдауына келген пациенттермен сөйлесті.
Жалпы, медбикелердің пациенттерді өз бетінше қабылдауына болатыны белгілі болды, ол үшін өздері қабылдау рәсімін дайындау, оқыту, стандарттау қажет екені түсінікті болды. Медбикелерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша бірлескен жұмыс туралы сұхбаттасты, олар бүкіл республика бойынша практикалық пайдалану үшін стандарт болып табылады.
Жоғары білімі бар медбикелердің өздері пациенттерді қабылдауы жаңалық емес, даярлау және оқыту жөніндегі бағдарламалар Қазақстанда енгізілген және тек біздің емхананың өзінде сондай 28 медбике жұмыс істейді. Бастапқы денсаулық сақтау ұйымдарында медбикелердің рөлі өте маңызды, оларды еңбек жолының басында қолдау, барынша дербестікке бейімдеу және құзыреттерін арттыру маңызды. Келесі постты өз бетінше қабылдауды жүргізетін медбикелермен сұхбатқа арнағым келеді.