Бөлім меңгерушісі - Бокаева Аида Айдархановна
Соматикалық профиль бойынша мамандандырылған бөлім –емхананың дербес құрылымдық бөлімшесі.
Бөлімнің негізгі жұмыс бағыттары:
Гастроэнтерология – өңеш, асқазан, он екі елі ішек патологиясын, өт жолдары мен бауырдың ауруларын, нәжістің өзгеруін, ішек қабыну ауруларын зерттеу және емдеу;
Аллергология– аллергияның тері көріністері, аллергиялық риниттер, тағамдық аллергия, бронхиальды астма, аллергологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру және емдеу;
- *Кардиология* – вегетативті дисфункция, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, кардиомиопатия, жүрек ақаулары, артериальды гипо- және гипертензия, жүрек жетіспеушілігі бойынша тексеру және емдеу;
- *Пульмонология* – бронхиттер мен пневмонияны емдеу, тыныс алу мүшелерінің жиі ауыруы бойынша тексеру, ем таңдау, тыныс алу жолдарының созылмалы патологиясына күдік болғанда тексеру;
- *Ревматология* – түрлі буын патологиялары (реактивті артрит, жасөспірім ревматоидты артрит және т.б.), дәнекер тінінің диффузды ауруларын тексеру және емдеу;
- *Неврология* – неврологиялық патологияларды тексеру және емдеу, орталық жүйке жүйесінің жарақаттары, нейроинфекциялар, тамырлық бұзылулардың, вегетативті дисфункциялардың нәтижелері бойынша ем тағайындау, профилактикалық тексеру;
- *Нефрология* – бүйрек пен зәр шығару жолдарының қабыну аурулары, даму ақаулары, гломерулярлық ауруларды тексеру және емдеу;
- *Эндокринология* – зат алмасу бұзылыстары, қалқанша без патологиясы және басқа эндокриндік бұзылыстарды тексеру және емдеу, профилактикалық тексеру жүргізу;
- *Психотерапия* – жүйке-психикалық бұзылыстар бойынша консультация және емдеу, психопрофилактика және психокоррекция жүргізу;
- *Геронтология* – егде жастағы және қарт адамдарға созылмалы мүгедектікпен сипатталатын аурулар кезінде ұзақ мерзімді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, өзін-өзі күту қабілетінен жартылай немесе толық айырылған науқастарға арналған, белсенді ұзақ өмір сүру мен өмір сапасын жақсарту мақсатында;
- *Инфекциялық қызмет* – ішек инфекциялары, ауа тамшылары арқылы берілетін инфекциялар бойынша науқастарды қарау және емдеу, қажет болған жағдайда бактериологиялық, вирустық және иммунологиялық зерттеулер жүргізу, гельминтоздар, вирустық инфекцияларды бақылау, иммунитет тапшылығы жағдайындағы пациенттерді емдеу.